Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Алматы облысының Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында ішімдік ішіп отырған ер адамдарды көріп, оларды қуып жіберді. Қала басшысы бұл әрекетін видеоға түсіріп алған. Ролик әкімнің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде жарияланған видео кадрларынан қала әкімінің ішімдік ішіп отырған ер адамдардың жанына келіп, оларға ескерту жасағаны көрінеді. Өз кезегінде ер адамдар стақандарын тастап, жан-жаққа қаша жөнелді. 

Бақтияр Өнербаев өз жазбасында жергілікті тұрғынның күйеуінің күнделікті ішімдік ішетініне шағымданғанын, жасырын сатылатын арзан араққа тосқауыл қоюды сұрағанын айтты.

«Кешке өзім қала аралап жүріп, мынандай масқараға тап болдым. Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын? Ақыл айтыңыздаршы, жолын көрсетіңіздерші! Полиция бастығы Садықов және кірістер басқарма басшысы Нұрғалиев шұғыл шара қолданыңыздар!» - деп жазды Текелі қаласының әкімі.

Талқылау