Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Екібастұздағы теміржол апатынан екі адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған локомотив машинисі жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай "Богатырь көмір" кенішінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

вагон

"Батыс" теміржол бекетінде екі локоматив соқтығысқан. Тоқсыз қалған локомотив жүк вагондарымен кері бағытқа қозғалған. Нәтижесінде көмір тасымалдайтын 28 вагон бүлінді. Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған.

Куәгерлердің айтуынша, кабинаға қысылып қалған машинисті құтқарушылар алып шығыпты. Аяғы сынған 57 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Дер кезінде сыртқа секіріп үлгерген оның көмекшісі жеңіл жарақат алған.  

"Алдын ала болжам бойынша, локомитивтердің соқтығысуына тежегіштің істен шығуы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Тексеру шаралары басталды. Комиссия құрылып, апаттың нақты неден болғанын анықтаймыз", - дейді Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысы Данияр Андасов.

Талқылау