Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәселені шешем деп өзі популист болып кетеді": Желіні пайдаланып іс шешкен шенеуніктер кімдер?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ең жоғары лауазымға ие бола сала әкім-қаралар мен атқамінерлердің барлығына ашық түрде жұмыс істеуді тапсырған еді. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, халықпен қоян-қолтық қызмет атқаруды жүктеген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіні пайдаланып іс шешкен шенеуніктер кімдер?

Ел басшысы жұртқа жақындықтарын көрсетіп, олардың жан-айқайына құлақ түруге шақырды. Осы тапсырманы бергеніне 100 күн болыпты. Қазір ғаламторды белсенді пайдаланып, іс шешкен шенеуніктер кімдер? Ал артта қалып жедел желіні игере алмай жатқандар бар ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде оқырманы жарты миллионнан асқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Инстаграмда алғашқы посты 1 сәуірде жарияланған. Бірнеше жылдан бері твиттерді өзі жүргізген ол бірінші хабарламасында өңір әкімдерін әлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырғанын көрсетіпті. Президент Инстаграм аккаунтын аша сала бастапқы суретіне 102 мыңнан астам лүпіл басылып, 7000-ға жуық пікір жазылыпты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қағидасын жақында өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында қайта еске салды. 

Бұйрықтан соң бірден көзге түскен Шымкенттің отауызды әкімі Ғабидолла Әбдірахимов қазір алдыңғы қатарда. Оның Инстаграм парақшасында 150 мыңнан астам тіркелуші бар. Әкім бірінші суретін президенттен соң 1 күннен кейін жүктепті.Ал, күні кеше Алматы мэріне айналып, 1 шілдеде парақша ашқан Сағынтаев мырзаға 83 мыңнан астам  адам тіркеліп үлгерген. Осы ретте креслосын қамдауға уақыт таппай жүрген бас қаланың басшысы Алматы әкімінен қалып қойыпты. Оны 65 мың адам бақылауда. Желіні белсенді қолдануға тырысатындардың қатарында жазылушысы аз болса да министрлерден Елжан Біртанов, Ақтоты Райымқұлова қалысар емес. Алайда желідегі жылдамдықпен шаруа тына ма? 

«Кезекте тұрған мәселеден аттап басқа адамға үй алып беру, болмаса ана бір мәселені шешу сол арқылы әкімнің өзі популист болып кетеді де. Анау жүрген бір кейбір популист адамдардың арасында шынайы мәселесі бар адамдар бар шығар. Дегенмен жоспардан ауытқып, ал бүгін кімнің мәселесі бар екен деп тек қана сонымен шешу ол жұмыс емес", - деді блогер Өркен Кенжебек. 

Блогердің ойынша, бүгінде желіде өлердегі сөзін жазып, проблемасымен бөліскен әркімнің тілегін орындай беру орынсыз. Себебі шенеуніктер мен атқарушы биліктің негізгі жұмысына нұқсан келуі мүмкін. Сондықтан бұл әдісті "шынымен де шұғыл маңызды деген мәселелерге қолданған ыңғайлы".Оның үстіне әлеуметтік желі бопсалау құралына айналып барады дейді. 

"Біздегі ол кішкене трафарет дейді ғой енді. Сол кеңестік галстукпен, міндетті түрде халық қаумаласып сол жағында, журналистре оң жағында деген сияқты. Дәстүрлі фото. Осы жағынан мүмкін бір өзгеріс енгізген дұрыс шығар", - дейді блогер Кенжебек. 

Ал, саясаттанушы Ерлан Сайыров "шенеуніктердің көбі әлеуметтік желіге тіркелгенмен заманауи әдістерден мақұрым. Тіпті, олардың аккаунттарын көмекшілері жүргізіп отыруы да ғажап емес" деп түйіндеді. Сондықтан, ескі әдіске байланған билік өкілдерінің көзқарасы мен жұмыс істеу технологиясын шетелдік басшылардың тәсіліне көшіру қажет дейді.

"Барша шенеуніктер осы әлеуметтік желіге кіріп, мынау қоғам мен бірлесіп жұмыс істеді деп айтуға келмейді. Облыстық әкімдердің ішінде де басым көпшілігі бүгінгі таңда қоғамдық әлеуметтік желіде жұмыс істемейді. Жұмыс істеген күннің өзінде өзінің жұмысын жарнамалайды. Шенеуніктердің халыққа жақын болуы ол тек қана шенеунікке жарнама емес облыс, аудан әкіміне сонымен бірге ол сол жердегі түйінді мәселелерді шешудің әдісі болуы керек. 
Шенеуніктер әлеуметтік желілерде өз жұмыстары туралы қатқан қазықтай жазбаларды қалдырып әлек. Ал, ел болса жеке мәселелері мен қоғамдық проблемаларды олардың парақшаларына боратуда. Халық көп, ал әр өңір мен салаға жауап беретіндер санаулы. Қайтпек керек? Осы жерде саясаттанушы әлеуметтік желідегі белсенділікті белгілі  бір жүйеге келтіру қажет деп отыр", - деді саясаттанушы Ерлан Сайыров.

Талқылау