Мас болған: Алматыда мектеп меңгерушісі мен мұғалімінің балаларды ұрғаны туралы видео тарады (видео)

Желіде Алматы қаласында мектеп меңгерушісі мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің қатысуымен болған оқиғаның видеосы тарады. Видео авторының сөзінше, олар мас күйінде екі оқушыны ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мас болған: Алматыда мектеп меңгерушісі мен мұғалімінің балаларды ұрғаны туралы видео тарады (видео)

Желідегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 мамырда орын алған. Бірнеше оқушы мектеп маңында серуендеп жүрген кезде екі мас ер адам келіп, оларға тиісе бастаған. Олар балалардың мопедін теуіп, өздерін де тепкілеген екен. Тіпті, біреуінің бетінен ұрып жіберіпті. Артынша балалар ата-аналарын көмекке шақырған. Анықталғандай, ер адамдар №160 мектептің қызметкерлері болып шығыпты. Бірі мектеп меңгерушісі болса, екіншісі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Можете выложить у себя на странице ,эти двое мужчин работники школы 160 г Алматы ,мкр Карасу! Пьяные! Это завуч и физрук школы ,они возле школы побили двух школьников и ушли оттуда ,после приехали родители этих школьников! Да, г. Алматы, Алатауский район @akimat_almaty @qriim_mvdrk 10 июня 2019 года несколько ребят гуляли около школы. Затем появились два мужчины в нетрезвом состоянии и начали приставать к детям. Пинать мопеды, пинать самих детей, одного даже ударили по лицу. Дети позвали на помощь родителей. Как выяснилось немного позже, эти два мужчины работники школы номер 160 Алатауского района. В футболке учитель физкультуры, а в костюме завуч по учебно-воспитательной работе.

Публикация от Kris P Almaty (@kris_p_brothers_official)

«ҚазАқпарат» мәліметінше, полиция оқиғаны растаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

«Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасына арыз түсті. Қазір  мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Барлық заң талаптарына сай тиісті шара қабылданатын болады», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Ал оқиғаға қатысты түсініктеме берген №160 мектептің директоры қызметкерлерінің 1 маусымнан бері еңбек демалысында екенін айтты.

«ҚР Еңбек кодексіне байланысты болған оқиғаға бейнетүсірілімдегі тұлғалар өздері жауап беруі тиіс. Өйткені, біріншіден олар еңбек демалысында. Екіншіден, бұл оқиға мектеп территориясында болған жоқ. Қай жақта болғанын білмеймін. Иә, мектеп басшылығы жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл қызметкерлерге қатысты шара қолдану мәселесі олар тек еңбек демалысынан шыққан соң ғана қолға алынбақ», - дейді мектеп директоры Гүлнәр Дәулетова. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...