Маржан Арапбаева: “Сазгер” деген сөзге құлағым үйреніп қалды

Отандық бағдарламалардың бірінде Маржан Арапбаева соңғы кезде ән жазуға шабытының келмей жүргенін айтып берді. Десе де, «сазгер» деген сөзге әншінің құлағы үйреніп қалған-ды.

17437824_1891373527808348_7605866393740771328_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

– Көңіл-күйіңізді ауа райымен ұштастырасыз ба?

– Менің Астана қаласына тұрып жатқаныма 11 жылдай уақыт болды. Осы жылдар ішінде мен Астананың аязына да, суығына да үйреніп қалдым. Қайта жылы қалаларға барып қалсам, суық ауа-райының жетіспей тұрғанын айтып жүремін. Шет жаққа шықсам, Астанаға қайтып келуге асығамын. Өйткені мен үшін аязы пайдалы.

– Көктемгі уақытта шығармашылық адамдарына жаңа шабыт пен ерекше идеялар келеді. Сіз көпшілікті қалай таңқалдырмақсыз?

– Шабытым келіп жатыр деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Өмірімде бірнеше әннің қатар шығатын кездері болады. Бірақ қазір жаңа ізденіс үстіндемін. Заманауи, қызықты стильде ән шығарғым келеді.

– Сіздің әншіліктен бөлек, аздап сазгерлік қырыңыз бар. Бұл сөзді абайлап айтып отырмын. Десе де осы қырыңыз туралы айтып кетсеңіз.

– Шыны керек, бұл сөзге соңғы кезде құлағым үйреніп келеді. Бастапқыда қысылып, «Мені сазгер деп атамаңыздар» деп айтып жүретінмін. Бірақ жұрттың көңілінен шыққан кезде, мені құптаған кезде бойымда белгілі бір сенімділік пайда болады.

– Менің және өзге көрермендердің айтуынша, көп әндер махаббат тақырыбының айналасында өрбиді. Мәтініне, мүмкіндігінше, инстаграм және т.б. заманауи сөздер қосылады. Соңғы кезде ана, ел-жер туралы әндердің азайып кетуіне не себеп болып жүр?

– Мен бұл пікіріңізбен келіспеймін. Күн сайын керісінше патриоттық әндер көбейіп жатыр. Кез келген әнші қазір Астана, Қазақстан жайлы әндерді көп айтады. Бір шетінен бұл мәселе жастардың жеке талғамына да байланысты болуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Қонысбаев алғаш рет «Нұр-Мұқасан» тобының не себепті тарағанын түсіндірді

Қазақстандық әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы шықты

Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетовадан зәбір көргенін айтты

Ринат Зайытов: Құзырымда болса бағдарламалардың 90%-ын жауып тастар едім

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр