Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Гүлмира Кәрімованың орнына Amanat партиясы филиалының басшысы сенатор болып сайланды

Әсел Рахметова Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатқа депутат болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әсел Рахметова

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша Рахметоваға 134 сайлаушы дауыс берген. Ал екінші кандитат Рауза Қасенова 39 дауыс жинапты. 

Тағы 6 сайлаушы екі кандидатқа да қарсы дауыс берсе, бір адам дауыс бермеген. 

Әсел Рахметова 2022 жылдың желтоқсанынан бастап СҚО бойынша Amanat партиясы филиалын басқарып келген. Ол 27 қаңтарда көз жұмған Гүлмира Кәрімованың орнына сайланды. 

Еске салайық, Гүлмира Кәрімова 45 жасында көз жұмған еді. Батсапқыда өлімінің себебі анафилактикалық шок деп айтылған. Алайда бұл дерек расталмады. 

Талқылау