"Мынау мазақ қой деп жылап жібердім": Зульфия Омарова атышулы реалити-шоудың бетпердесін ашты

Жастар көз алмай, кейіпкерлердің күнделікті өміріне куә болған желідегі "Не істеватр" реалити-шоуы шын мәнісінде қалай өтті? Кейіпкерлері қалай қиналды? Шарты күрделі жобада қамыққан қатысушы Зульфия Омарова ұйымдастырушыларды сотқа бермекші болғанын және атақты әкесі Марат Омаровпен қандай қарым-қатынаста екенін Stan.kz тілшісімен бөлісті.

зульфия омарва

Өмірімде ерекше орын алған жобалардың бірі «Неістеватр» шоуы болды деген Зульфия жобаның қиынға соғарын алғашында білмеген:

"Реалити-шоу болғандықтан 24 сағат бойы бейнебақылауда болдық. Тек әжетхана мен жуынатын бөлме бөлек. Ал қалған нәрсенің барлығы халықтың көз алдында өтеді. Денеге зақым тиетіндей, жүйке тоздыратындай әртүрлі тапсырмалар болды. 24 сағат халықтың көз алдында, пікірінің астында болған соң, басында жыладым, қиналдым. Соны көріп: "Неге келдің? Шоудың шарттарын білдің ғой; ой, бұл актриса ғой" деген көп боқауыз сөздер айтылды", - деп бөліседі Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде музыкалық драма мамандығын тәмамдаған Зульфия.

зульфия омарова

Ол екі апталық шоудың алғашқы аптасында қатты қиналғанын айтады: "Жататын жер ыңғайсыз, тамақтанатын шанышқы, қасық жоқ. Шоудың шартына байланысты біз өзіміге ұпай жинау арқылы жағдай жасауымыз керек екен. Тамақты қолмен жеп, ашуланғаннан тамақты лақтырып, "маған шанышқы беріңдер, жануар емеспін ғой" деп айқай шығарып кетіп қалғым келген кездер болған", - деген Зульфия реалити-шоу болған соң халыққа шынайы эмоцияны көрсету үшін таңдалған қоян сияқты болғанын айтады.

Ұйымдастырушылар тарапынан шоуға қатысу үшін кастингке арнайы шақырту алған Зульфия дауыс беру нәтижесінде жобаға Абылай есімді жігіт екеуі өтеді. Қатысушыларға жоба ұйымдастырушылары тарапынан қойылған талаптар да оңай болмаған.

"Біз барғанда шоуда болатын әрбір сынақты командадағы қыз-жігіттер  өздері істеп көрген, денсаулыққа ешқандай зияны жоқ деп сендірді. Ұтқан адамға миллион теңге, қатысушыға екі жүз мың теңге беріледі. Мәселе ақшада емес, ең бастысы хайп қой қазір. Өзіме жақсы жарнама болатынын білдім. Шоуды жасаушылар - мәскеулік адамдар. Salem social-мен бірігіп жасалған дүние. Қандай жағдай болса да, жобаға қатысқан соң үзуге болмайды. Егер бас тартсаң, айыппұл төлейсің", - деген Зульфия нақты соманы айтпаса да, бірнеше миллион екенін айтып қалды. 

зульфия омарова

"Жеке өмір мен карьера деп шапқылап жүріп, өмірдің мәнін ұмытқандай болғанда, шынының ар жағында отырып көп нәрсе түсіндім. Біз шынайы өмірден алшақтап бара жатыр екенбіз", - деген ол жобаның қиыншылықтарын да атап өтті.

"Жынды адам сияқты өзіңмен өзің сөйлесіп жүресің. Қаншама көз жас кетті, қаншама жүйке тозды кетті. Ақылға сыймайтын тапсырмалар болды", - деп бөліседі бойжеткен. 

"Алты құрбақаны шалбарына салу деген тапсырма алдым. Басында төрт-бес күн қиналып жүргенде "бастадың ба - бітір" деп өзімді жұбатып жүргенмін. Салқындықты жақсы көретін бақалар аяғыммен шалбарымның арасында секіріп жатыр. Мен шыңғырып жатырмын. Осы жетер деп бақаларды кері шығарайын деп жатсам, соңына дейін тұру керексің деп тапсырма берді. Басында қанша минут тұратынын айтпаған ұйымдастырушылар осы жерде дұрыс істеген жоқ. Мен шыдай алмай, шалбарымнан алып тастап, сыртқа шығып ашуға булыққаннан мынау мазақ қой деп жылап жібердім", - дейді Зульфия жобадағы қиын тапсырмалардың бірі туралы. 

Айтуынша, шоудың тоғызыншы күні эмоционалды, психикалық және физикалық тұрғыдан әлсіреу басталған.

"Ұйықтасам, ауа жетпей, жабық ортаға деген фобия пайда болды. Түннің бір уағында тұрып ауа жетпеген соң, есікті қақсам ешкім ашпайды. Жүйкем тозғаннан шыңғырып жылап, қолымдағы су бөтелкесін терезеге лақтырып жібердім. Менің жай-күйімді көріп, көрші бөлмеде жатқан Абылай да есігін теуіп, көмек сұрап жүріп есікті ашқыздық. Ашу үстінде ұйымдастырушыларға: "Соттасамын, көрсетемін, сендер мені кім деп тұрсыңдар, адаммен осылай ойнауға болама, мынау қандай шоу, өзімнен кейінгі қатысушылардың бұлай қиналғанын қаламаймын. Адам сияқты таза ауаға шықсақ болады ғой" деп жылап, көп нәрсе айтып тастадым", - дейді ол.

Тіпті тапсырмаларды орындау кезінде қатысушының қасында агенттер жүреді.

зульфия омарова

"Қасымдағы бала бұлар шектен шықты, мен кетемін, ақша керек емес, сен қалай ойлайсың дейді. Маған да  ақшаның керегі жоқ. Мен де кетемін деп келістік. Келісімде 24 сағат бойы дәрігер мен психологтың карауында болады деп жазылған. Шақырған психологы келмей, тек дәрігерлер келді. Олар тексергенде қан қысымымыз төмен түсіп кеткен екен. Тәтті ештеңе жемейміз. Жейтініміз күнде бір тамақ. Шай жоқ, асқазан да құртылды. Азып-тозып быт-шыт болдық", - деген Зульфия басқа блогерлерден қолдау болғанын айтады. Олар мынау не шоу, адамды өлтіресіңдер ғой, мына қыз жынды болады ғой деп пікір қалдырған екен.

Зульфияның ағалары сот пен адвокатпен сөйлесіп те үлгеріпті. Көрермендер тарапынан "миллион үшін не істемейсің" деген қысым да қатты әсер еткен. 

Зульфияға жақын дереккөздің бірінен оның тіпті өзіне қол салғысы келген деген сөзді естіп қалғасын, осы сауалды өзіне жолдадық:

"Жоқ, мен бұл нәрсенің бітетінін білемін. Өзіңе қол салуға дейін баратын жоба емес, өз-өзіңді өлтіретіндей қиын емес енді. Бірақ жүйкең кәдімгідей тозады. Қиналасың. Ең қиналғаным өзім қол жұмсау емес, "мен сендерге көрсетем, сендердің барлықтарыңның түптеріңе жетпейінше тоқтамаймын" деп ашуланғаным болар. 

 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...