Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Достаев: Қайрат Әділгерей көп сөйлемесінші

КВН түлектері мен кәсіби актерлер арасында тағы да тартыс басталды. 

Марат Достаев: Қайрат Әділгерей көп сөйлемесінші

Мәселен, Дастан Қалдыбаев қазақ киносы комедиясына қан жүгірткендер қатарына әріптестерін жатқызады. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазіргі комедиялардың сценарийін КВН түлектері жазып жүр. Кәсіби актерлер емес, жайдарманшылар жазуда", - деді ол.

Ал, Қайрат Әділгерейдің айтуынша, КВН түлектері кәсіби мамандармен бірлесе жұмыс істегені жақсы. 

"Олар біздерді, яғни оқыған-тоқыған кәсіби мамандарды тартып, бірлесе жұмыс жасаса сапалы өнім шығар еді", - деді ол. 

Ал, бұл сөз Марат Достаевтың шамына тиген сыңайлы. 

"Мұны Қайрат Әділгерей айта ма? Ол көп сөйлей бермесінші. Соай айтып барыңызларшы. Осы айқанымды қырқып алып айтып барыңыздаршы", - деді Достаев. 


Оқи отырыңыз: "Бір аяғым 5 сантиметрге қысқа": Қайрат Әділгерей ауыр жол апатына түскенін айтты

Талқылау