Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мансұрға беріп қоймаймын": Димаш Құдайберген отбасын інісінен қызғанатынын айтты

Димаш Құдайберген отбасын інісінен қызғанатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Болашақ жарының отбасымен бірге тұратынын айтқан Димаш Құдайберген бөлек шығу деген түсінік болмайтынын жасырмады. Сонымен қатар үйдегі үлкендерді қатты бағалайтынын жеткізді. Тіпті өнер иесі оларды інісінен қызғанатын көрінеді.

"Мен қай елде жүрсем де, менің болашақ жарым міндетті түрде ата-әжем мен әке-шешемнің жанында тұрады. Қызғанамын, үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Ата-әжемді де, анам мен әкемді де қызғанамын, бермеймін", - дейді Димаш Құдайберген. 

Бұл кәдімгі қызғаныш емес, тек өнер иесі отбасының барлық мүшелері бір үйде тұрып, үкен әулет болғанын қалайды. Інісінің өскенін күтіп жүрген ол қарты бар үйде береке мен бірлік, жылулық болатынын тілге тиек еткен.

"Мансұр өссін. Қарты бар үй - қазыналы үй дейді. Мен өз қазынамнан айырылғым келмейді. Бірақ ініме де тілекшімін. Сол себепті ініммен, бауырларыммен, ата-анаммен ұзақ ғұмыр кешсек деп армандаймын", - дейді Димаш Құдайберген.

 

Талқылау