Маңғыстауда тұрғындар "әлемдегі ең батыл сүтқоректіні" видеоға түсіріп алды
Маңғыстау облысында тұрғындар Қазақстанда сирек кездесетін итаюды видеоға түсіріп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жануар тұрғындардың жанына келген. Кейін айбат көрсетіп, жасырынып қалды.
Қазақстанда итаюды ашық алаңқайда көру өте қиын. Алғаш рет жануарды елімізде 1983 жылы кездестірген. Ғалымдардың пайымдауынша, ел аумағында он шақты итаю бар.
Итаю – сүтқоректі жануар. Африка мен Азия аумағында мекендейді және өзінің батылдығымен ерекшеленеді. Гиннестің рекордтар кітабына итаю "әлемдегі ең батыл сүтқоректі" ретінде енді. Терісі қалың болғандықтан өзге жануарлар оны тістей алмайды, сондықтан кез келген жыртқышқа қарсы шабуылдайды.
Бұған дейін итаюдың видеосы 2022 жылы түсірілген еді. Бұл кезде белгісіз біреулер жол талғамайтын көлікпен жануардың соңынан қуған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген