Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаудағы жарылыс: Оқу-жаттығу кезінде бір емес, екі адамның жарақаттанғаны белгілі болды

Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында болған оқу-жаттығу кезінде екі әскери қызметкердің жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

граната

«99116 бөлімнің жедел әскер қызметкерлері Кошелев С. В. мен Жаманбаев Б. А. граната жарылып, жарақат алды. Тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол жерде әскери-құқық қорғау органдарынан құралған жедел тексеру тобы жұмыс істеп жатыр», - деді қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникация департаментінің баспасөз жетекшісі Данияр Әлжанов. 

Сондай-ақ, ол әскерилердің қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамағандықтан, осындай жағдайға душар болып отырғанын жеткізді. 21 шілде күні қорғаныс министрінің тапсырмасымен Сергей Кошелев Нұр-Сұлтанға жеткізілмек. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Маңғыстауда граната жарылып, бір әскери қызметкердің ауыр жарақат алғанын хабарлаған едік

Талқылау