Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мамандығым актер деп айтуға ұяламын": Қанат Әлжаппаров өзін теміржолшы деп атауды сұрады

Қанат Әлжаппаров өзін теміржолшы деп айтуды сұрап, сахнаға қалай келгенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров теміржолшы мамандығында оқып жүріп, актер атанып кеткен. Бүгінде өнер иесі осыған намыстанатын сыңайлы. Өйткені ол өзін актер емес, теміржолшы деп атауды сұраған. Сонымен қатар, Әлжаппаров ең алғаш коледж сахнасын бағындырып, артынша танымал актер болғаны туралы айтып берді.

"Менің мамандығым актер деп айтуға ұяламан. Сахнада жүрген теміржолшы деп айтыңдар. Актер деген кезде теміржолшы дегенді қосыңыздаршы. Мамандығым - теміржолшы. Тұрсынбек шағырды. 2010 жылдары коледждің атынан жоғарғы лигада ойнап жүрген кезде Тұрсынбек Қабатов әділқазы болып отаратын. Сосын ұнап қалған сияқтымын. Жеке театр ашылғанда Тұрсынбек шақырды. Ең алғашқы әзілім - автомат", - дейді Қанат Әлжаппаров.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр