Мамандар: Әлемде 5 миллион бала смартфонның кесірінен көз жұмады

Жыл сайын бес миллион! Әлемде осыншама бала телефонға телміріп, көп қозғалмаудың салдарынан көз жұмады екен. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады. Оның дерегінше, жеткіншектердің 80 пайызы өмірін смартфонсыз елестете алмайды. Одан бөлек, аустралиялық ғалымдар гаджеттердің кесірінен адамның басында қосымша тағы бір сүйек шығатынын анықтаған. 

Мамандар: Әлемде 5 миллион бала смартфонның кесірінен көз жұмады

Смартфонның зияны туралы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бәрі біледі. Көз жанарын құртады, жүрек пен мидың қызметін бұзады, тіпті обыр ауруына дейін шалдықтырады. Енді аустралиялық ғалымдар да жоғарыдағы тізімді толықтыра түсті. Телефонды көп ұстаған жанның басында 3 сантимерге дейін қосымша тағы бір сүйек пайда болады, дейді, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы»

«Иә, аустралиялық ғалымдардың мәлімдемесімен келісуге болады. Телефонды көп пайдаланғандарда сүйек-бұлшық ет жүйесінің қызметі бұзылады. Соның салдарынан қосымша сүйектердің өсіп кетуіне алып келуі әбден мүмкін. Өкінішке орай, біздің елде мұндай зерттеулер әлі жүргізілмеді», - дейді хирург-офтальмолог Снежана Панченко. 

Дәрігерлердің айтуынша, мидың бөлігін қаптап тұрған тұстан шыққан қосымша сүйектер ертең бүкіл ағзаның қызметінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, жыл сайын телефонға телміріп отырғанның кесірінен 5 миллионға жуық бала көз жұмады екен. Көпбалалы ана Гүлвира Балтабайдың сөзінше, мұның барлығы жеткіншектердің бос уақыттарын дұрыс пайдалана алмауының кесірі. 

«Балаларымызға өз қатарынан қалмасын деп ұялы телефон, смартфон алып беріп жатамыз. Дегенмен көп ата-ана балаға ауру сатып алып жатқанымызды сезінбейді. Баланы пайдасы көп үйірмелерге жазу керек. Өзім балаларымды солай тәрбиелеймін», - дейді көпбалалы ана.

Десе де психологтар балалардың телефонға тәуелді болып кетуіне ата-аналардың өздері кінәлі екенін айтады. Өйткені оларға сәбиі жыламай, тынышталып қалуы үшін қолына смартфон ұстата салу оңай.

«Ата-аналар өз баласының денсаулығына жауапты болуды үйренуі қажет. Яғни мұнда ата-ана баланың бір минуттық тынышталуын емес, өмір бойы оның денсаулығына, ойлау қабілетіне әсерін тигізетінін ойлауы қажет. Ата ананың бұл жердегі басты борышы – баланың дұрыс қалыптасуы», - дейді психолог Анаргүл Ибраимбекова.

Зерттеуге сенсек, ересектердің 23, ал балалардың 80 пайызы өмірін смартфонсыз елестете алмайды екен.

Сорақысы, гаджетке тәуелділік - есірткі мен түрлі психотропты заттардың зиянынан да қауіпті. Смартфонның кесірінен бала агрессивті болып, тіпті депрессияға түсіп қалуы да әбден мүмкін. Сондықтан мамандар ата-аналарға баланың тағдырына бей-жай қарамай, оларға көбірек көңіл бөлу керектігін еске салады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

YouTube арнасындағыдай попкорн пісірмек болған оқушы тірідей жанып кетті (видео)

Қыздың денесінің 96 проценті күйіп қалған

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр