Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман денеде паразит болған кезде қандай белгілер байқалатынын айтып берді

Паразиттер адамның кез келген мүшесіне әсер ете алады, ал инфекция әрдайым айқын белгілермен көрінбейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Вечерняя Москва” басылымына сілтеме жасап.

паразит

Жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Елена Мескина паразиттер денеге жуылмаған көкөніс пен жеміс жегенде, лас қолдармен асқа отырғанда енетінін айтты. Сондай-ақ ет және балық арқылы ене алады.

Жануарлар – паразит тасымалдаушылар.

Денедегі құрт инвазияларының белгілері: қышыну, диарея немесе іш қату, кебіну, тамақтанғаннан кейін жүрек айнуы немесе құсу, тәбеттің күрт төмендеуі немесе жоғарылауы.

Денеде паразиттер болған кезде адам шаршап, денесінде бөртпе пайда болуы мүмкін. Ал кей жағдайда ешқандай белгілер болмайды.  

"Олар денеде жылдар бойы дамып, әртүрлі мүшелерге әсер етуі мүмкін. Сондықтан жылына бір рет паразиттерге тест тапсырып, олар табылса, мүмкіндігінше тезірек емдеу маңызды", – деп қорытындылады Мескина.

Талқылау