Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ағзаны күні бойы қанық әрі тоқ қылатын өнім түрлерін атады

Эндокринолог және диетолог Юлия Хрулева ағзаны күні бойы қанық әрі тоқ қылатын өнімдерді атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Прайм" басылымына сілтеме жасап.

Маман талшыққа бай тағамдардың ұзақ уақыт бойы тоқ қалуға мүмкіндік беретінін, ас қорыту процесін тамаша реттейтінін алға тартты. Оларға көкөністер мен жемістер, жидектер мен жаңғақтар, бұршақ және дәнді дақылдар жатады.

"Ақуыз сүт, ірімшік, жұмыртқа, майсыз ет, құс еті, теңіз өнімдерінде көп кездеседі", –  деді дәрігер.

Ол диетаға авокадо, жаңғақтар, қызыл балықты қосуға кеңес берді. Сонымен қатар бәрібір майлардың калориясы жоғары болғандықтан, мөлшермен тамақтану керек екенін ескертті. 

Талқылау