Соңғы жаңалықтар

Малайзияның бұрынғы патшасы "Мәскеу аруына" үйленгеніне өкінетінін жеткізді

Малайзияның бұрынғы патшасы V Мұхаммед «Мәскеу аруы-2015» Оксана Воеводинамен шаңырақ көтергені үшін өкінетінін жеткізді.

Малайзияның бұрынғы патшасы

Бұл туралы V Мұхаммед New Straits газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Малайзияның бұрынғы патшасы жеке өміріне қатысты қабылдаған шешімі халықты алаңдатып, әлеуметтік желілердегі дауға алып келгеніне өкінетінін айтты. Сонымен қатар ол желіде өзінің жеке суреттері мен өміріне қатысты «бұрыс мәліметтер» пайда болғанына разы емес. 

«Келантан сарайы Малайзия тұрғындарын әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Тек сарайдың және Ұлы мәртебелі V Мұхаммед сұлтанның адвокаттарының ресми мәлімдемелері нақты ақпарат ретінде қарастырыла алады.Және осы ақпараттар ғана БАҚ-та жарияланатын дереккөз  бола алады», - делінеді ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қарашасында Малайзияның жоғарғы билеушісі Мұхаммед V 2015 жылы «Мәскеу аруы» сұлулығының жеңімпазы Оксана Воеводинамен үйленгені туралы хабарланған еді. Қаңтарда ол қызметінен бас тартып, Сұлтан Келантан атағын ғана сақтап қалды.

Биылғы жылдың мамыр айында Воеводина мен V Мұхаммедтің ұлы дүниеге келді. 17 шілдеде «Мәскеу аруы» ажырасқаны туралы белгілі болды.

Алайда ажырасқанын жасыруға тырысқан Воеводина жеке өміріне қатысты жақ ашпаған еді. Ол соңғы уақытта ғана жеке өміріне қатысты мәліметтерімен бөлісе бастады. Бұған дейін ол Малайзияның экс-патшасының ұлын өмірге әкелгеннен кейін күйзеліске ұшырағанын айтқан.

Артынша Воеводина бұрынғы күйеуіне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...