Махмұд Сабырхан Олимпиадаға қатысу үшін жоғары салмаққа ауысты
Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиадаға қатысу үшін басқа салмақ дәрежесіне ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы салмақ ауыстырғаны туралы QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында айтқан. Бұған дейін ол 54 келіде жұдырықтасып келген еді. Алайда бұл салмақ Олимпиадаға енгізілмеген.
Сондықтан боксшы Олимпиадаға қатысу үшін 57 келі салмақ дәрежесіне өтетінін айтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында 57 келіде 2021 жылғы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері Серік Теміржанов та жұдырықтасады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

