Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі - бірінші топтағы мүгедек: Қызы үшін жалғыз жанталасқан ана Мадинаның емі үшін көпшіліктен көмек сұрайды

Бауыр циррозына шалдыққан Мадинаның емі үшін қомақты қаражат керек. Отбасының отағасы 1 топтағы мүгедек екенін айтқан ана Бағила Қалиқызы қызының ауыр дерттен емделуі үшін көпшіліктен көмек сұрайды.

Мадина мектеп кезінде алған екпеден кейін денсаулығы нашарлап жедел миелобластикалық лейкоз ауруына шалдыққан. Қан құю кезеңінен соң тағы бірнеше диагноздар қойылып, аурудың қарқыны арта түскен. 

2020 жылы Мадинаға бауыр циррозы диагнозы қойылып, тегін берілетін вирусқа қарсы терапияны екі жыл қатарынан салдырған. Алайда пайдасы болмаған. Анасы қызының ел қатарлы өмір сүріп, қатарынан қалмауын қалайды.

Мадинаның анасы қызы үшін жалғыз әрекет етуде. Өйткені әкесі бірінші топтағы мүгедек. Мемлекеттен мүгедектігі үшін берілетін әлеуметтік төлемді әкесінің денсаулығына әрең жеткізіп жүрген ана үшін қызының бұл дерті ауыр қасіретке айналды. 58 жастағы Бағила Қалиқызы қайырымды жандардан көмек сұрайды. 

Мадинаға Үндістаннан әкелінетін вирусқа қарсы терапиялық дәріні өмір бойы қабылдау керек.

Гепатит В мен циррозды, фиброзды (F4) қайтару үшін Мирклудекс-вирусқа қарсы терапиясын алу керек. Оның бір айлық бағасы 160 мың рубль – 928 мың теңге. Мадина бұл дәріні кем дегенде бір жыл қабылдауы керек. Сонда 11 136 000 теңге қажет екен. Циррозды осымен кайтару жоспарланып отыр. Ал қымбат анализдерді тапсыруға, реабилитацияға, көз тамырларына операция жасауға 3 млн теңге қажет.

Барлық емге – 14 млн 136 мың теңге қаражат керек. 

Осы күнге дейін қызы үшін бармаған жері қалмаған ана қайырымды жұртшылықтан көмек сұрайды.

Реквизиттер:

Жарылқап Мадина

Kaspi: 4400 4301 4655 1954

Kaspiге арналған телефон нөмірі : +77473330720

Талқылау