Мәди Ахметов депутаттыққа үміткерлер тізіміне енбеді
“Аманат" партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың есімдері анықталды. Тізімде ең жас депутат болып келген Мәди Ахметовтің есімі болмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәди Ахметов бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ "ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Қорғаныс министрінен ең жас Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген