Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина тойға дайындығын бастап кетті (видео)

Белгілі әнші Луина тойға дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында той көйлегін киіп, суретке түсіп жатқан бейнежазбасын жүктеген. Үйлену тойына қызу дайындықты бастап кеткен Луина тыңдармандарына жаңалығын жеткізді. Мұны көрген желідегі жұрт өнер иесіне жарыса пікір қалдырып, ойларын білдірді. Желідегілердің көп бөлігі Луинаның жігітінің адалдығына сенімсіздік танытқан.

"Өзін жарнамалап алады да, кетіп қалады", "Меніңше бұл клип үшін", "Жігітіңіз үнемі бір нәрсеге риза емес. Құдды бір мәжбүрлі түрде жүрген сияқты", "Ұзаққа бармайды ғой деймін. Жұлдыздар ұзаққа баруы қиын ғой", "Бір отбасын ортасына түсіріп кетіп қалды. Мұндайлар әйелдің рөліне сәйкес келмейді"- деп пікір қалдырды жұрт.

Алайда әншіге отбасылық бақыт тілеп, тұрмысқа шыққанына шын мәнінде қуанғандардың да қатары аз болмады. Олар Луинаның болашақта жақсы жар болатынын алға тартты.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

🥰

Публикация от 𝓛𝓾𝓲𝓩𝓪 (@luinaofficial)

"Бақытты болыңдар", "Жақында той ма?", "Мен де осындай сұлу әйелім болғанын қалаймын", "Луина, құттықтаймыз", "Қалыңдықтың көйлегі қатты жарасады екен", "Сондай жарасымды жұп", - дейді желідегілер.

Талқылау