Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Орыс жігітке тұрмысқа шыққан Луина некесін мешітте қидырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Танымал өнер иесі желідегі парақшасында жаңалығымен бөлісті. Мешіттің алдында ұзын көйлек киіп, басына орамал тағып суретке түскен ару некелерінің қиылғанын жеткізген. Шариғат бойынша некесін қиып, енді құдайдың алдына бір адамның келіншегі болғанын жазды ол. 

"Мені құттықтасаңыздар болады. Мен енді келіншекпін. Қалыңдық, рәсім, шариғат", - деп жазды Луина желідегі парақшасында. 

Мұны көрген жұрт таңқалыстарын жасыра алмады. Артем Обухов есімді орыс азаматына тұрмысқа шыққан Луинаның мешітте неке қидыруы олар үшін күтпеген жағдай болған сияқты. Жұрт желіде жарыса пікір жазып, әншіні құттықтаған.

"Бақытты болыңыз", "Керемет жұп", "Барлық жақсылықты тілеймін", "Екеуіңіз қатты ұқсайсыздар", "Алла бақытты отбасы болуды жазсын", "Көздеріңіз бақыттан бал-бұл жайнап тұр. Махаббат пен сыйластық тілеймін", "Әйел бақытын тілеймін", - десті жұрт. 

Талқылау