Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лудоман әйел монахтарды интимді видеоларымен бопсалап келген

Фото: pixabay.com

Таиландта монахтарды интим жазбалармен бопсалап, миллиондаған ақша алған әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

35 жастағы Вилаван Эмсават ел арасында "мисс Гольф" деген лақап атпен танымал. Соңғы үш жыл ішінде бірнеше монахпен жақын қарым-қатынас орнатып, кейін оларды видео жазбалар арқылы қорқытып, ақша талап еткен.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, кемінде тоғыз монах әйелдің құрбанына айналған. Полиция өкілдері арнайы баспасөз мәслихатында Вилаванның құрылғыларынан 80 мыңнан астам фото мен видео материалдар табылғанын мәлімдеді. Тергеушілердің есебі бойынша, ол осы әрекеттерінен шамамен 385 миллион бат (5,6 миллиард теңгеге жуық) пайда тапқан.

Тергеу барысында Вилаванның құмар ойындарға тәуелді екені анықталды. Алған қаражаттың басым бөлігін онлайн-казиноларда ұтылып қалғаны хабарланды.

Назархан Уән
Сенбі, 19 Шілде, 2025 18:32
Талқылау