Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси Түркия мен Сирияға көмек ретінде қомақты қаржы аударды – БАҚ

Футбол жұлдызы Лионель Месси жер сілкінісі болған Түркия мен Сирияға қомақты қаржы аударды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

месси

Tiranpost басылымының мәліметінше аргентиналық спортшы өз қорынан зардап шеккендерге қаржы аударуды сұраған. 

"Лионель Месси 3,5 миллион еуроны Түркия мен Сирияға көмек ретінде аударды", – деді дереккөз түркиялыққа БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Айта кетейік, журналист Нұрбек Бекбау Түркияға гуманитарлық көмек ретінде 100 киіз үй жіберілетінін айтқан еді. Журналистің сөзінше, қазақстандықтар 20 миллион теңгеден астам қаржы жинаған.

Назархан Уән
Бейсенбі, 09 Ақпан, 2023 18:17