Вице-министр ЛГБТ насихаты кәмелетке толмағандардың психикасына әсер ететінін мәлімдеді
Коллаж: Stan.kz
Сенаттағы жұмыс тобының отырысында депутаттар мәжіліс қабылдаған архив ісі мәселелері мен құқыққа қарсы контентті таратуға шектеулер енгізу жөніндегі түзетулерді талқылады. Бұл құжатқа ЛГБТ және педофилияны насихаттауға тыйым салу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Айгүл Арғынбекова “ЛГБТ пропагандасының” балалар мен жасөспірімдерге әсері қалай зерттелгені туралы мәдениет министрлігіне сұрақ қойды.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов денсаулық сақтау министрлігі “ЛГБТ-ның кәмелетке толмағандардың психикасына әсер ететінін” анықтағанын мәлімдеді.
“Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары кәмелетке толмағандардың психикасы мен пропаганданың оған әсері арасында тығыз байланыс бар екенін анықтады. Сол себепті шектеулер ең алдымен балалар үшін енгізілмек”, — деді ол.
-
"Өзімізді еркін көрсетуге тыйым салады": ЛГБТ қауымдастығының өкілі Тоқаевқа үндеу жасады
Сонымен қатар, вице-министр әртүрлі зерттеу орталықтары мен германиялық Фридрих Эберт қоры жүргізген зерттеулерді атап өтті.
“Мен бұл туралы не үшін айтып отырмын — осы зерттеулердің барлығы Қазақстан қоғамында дәстүрлі емес сексуалды қатынастар пропагандасын тыйу жөнінде үлкен сұраныстың бар екенін растайды. Бұл тек мәжіліс депутаттарының бастамасы емес, көптеген қазақстандықтың бастамасы”, – деді Евгений Кочетов.
Вице-министрдің сөзінше, Қазақстанда бұл заңның тұжырымдамасы көптеген “европа елдеріне” қарағанда әлдеқайда жұмсақ.
“Мысалы, кейбір еуропалық елдерде пропаганда дегеніміз – идеяны белсенді тарату, адамдарды сол идеяға тарту, сендіру және қозғалысқа біріктіру. Ал біздің мәжіліс депутаттары ұсынған тұжырымдама әлдеқайда жұмсақ. Ол тек қоғамның оң бағасына, қоғамдық мақтауға шақыру туралы”, – деп түсіндірді Евгений Кочетов.
Еске салсақ осыған дейін мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин елімізде ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң нормаларын түсіндірген еді.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр