Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әрқайсысынан 5 миллион: Ләйлә Сұлтанқызы журналист пен әзілкештен талап еткен ақшаны қайда жұмсамақ

Ләйлә Сұлтанқызының әзілкеш пен журналистен қанша өтемақы талап еткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ләйлә Сұлтанқызының әзілкеш пен журналистен қанша өтемақы талап еткені белгілі болдыЖақында белгілі тележүргізушінің әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекті сотқа бергені белгілі болды. Ләйлә Сұлтанқызы ар-ожданыма нұқсан келтірді, әлеуметтік желі арқылы абыройымды түсірді деп сотқа талап-арыз берген болатын. Тележүргізушінің қорғаушысы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

"Жеке тұлғалар әлеуметтік желідегі аудиториясын ұлғайту мақсатында пиярға қол жеткізу үшін Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызының абыройы мен ар-ожданына нұқсан келтіретін пікірін әлеуметтік желі арқылы таратқан", - дейді қорғаушы.

Жақын күндері бұл мәселеге қатысты екінші мәрте сот отырысы болуы керек еді. Алайда ол кейінге шегерілді. Қазіргі таңда тележүргізуші әзілкеш пен журналистің әрқайсысынан 5 миллион теңге талап етіп отыр. Алайда өзге қорғаушылар бұл қисынға келмейді дейді. Ал, Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушысы алынған сомма қайырымдылыққа жұмсалатынын айтты. 

"Нәтижесінде Ләйлә Сұлтанқызы тапталған құқығын қорғау, әділдік орнату, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту және моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы талап етіп, алынған соманы қайырымдылыққа аударады", - деп жазылған. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ләйлә Сұлтанқызының танымал журналист пен әзілкешті сотқа бергені туралы хабарлаған едік. Осы жағдайға қатысты Арман Сқабылұлы пікір білдірген болатын

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...