Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ластанған ауа қабаты жүрек талмасының негізгі себебі екендігі анықталды

АҚШ-тың Йелс университетінің ғалымдары ластанған ауада кездесетін көзге көрінбейтін кішкентай тозаңдар аяқасты жүрек талмасына алып келеді деген тоқтамға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

инфаркт

Бұл туралы MedicalXpress сайтында жарияланды. 

Зерттеушілер Германияның Аугсбург қаласындағы өлімге алып келмеген миокард инфарктісіне шалдыққан 5898 науқасқа бақылау жүргізіпті. Науқастардың денсаулығын зерттеген кезде ауа қабатының ластануы, аптаның күні, және азаматтың қоғамдағы дәрежесі ескеріліпті. 

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ұсақ шаң-тозаңдардың жүрек жұмысына кері әсер еткендігі анықталған. Өлшемінің өте майда болғандықтан тозаңдар қан мен жасушаның құрамына оңай енеді. 

Миокард инфаркті әлем бойынша жүрек, қан-тамырлар жүйесінің жиі кездесетін ауруы болып саналады. Ұсақ шаң-тозаңдардың өлшемі 100 нанометрден де төмен екен. Ал мұндай тозаңдар көбіне автокөліктерден шығатын түтіннен түзіледі.  

 

Талқылау