Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздарының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Бүркіт пен Аиша көптен күткен қыздарын қырқынан шығарды. Алайда олар сәбиді қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізуді ұйғарған. Десе де жұлдыздың жұптың дәл осы әрекетіне көпшілік тәнті болды, деп жазады Stan.kz.

Қызының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Бүркіт пен Аиша қызы Сафияны қырқынан шығарды. Олар аталған рәсімді үйде жақындарының арасында қарапайым етіп өткізген.

Өз кезегінде Бүркіт пен Аиша Instagram желісіндегі парақшасында сәбиді қырқынан шығару рәсімі кезіндегі видеосын жариялаған.

 

«Бақытты бол, Сафиям менің! Аллаһ ұзақ ғұмыр берсін саған, қызым! Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол! Ата мен әжеңді жақсылығыңмен қуанта бер!» – деп жазды әншілер.

Жұлдызды жұп Сафияны қырқынан шығару рәсіміне орай, оның есімі жазылған торт пен шарлар алдырған.

Қызының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Өз кезегінде желі қолданушылардың Бүркіт пен Аишаның қарапайымдылығына тәнті болды. Сондай-ақ, кішкентай Сафияға ақжарма тілектерін жаудырды.

Қызының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

«Бүркіт мырза, қызыңыздың жасы ұзақ болсын! Анасы сияқты бақытты болсын!», «Көркіне ақылы сай қыз болып бойжетсін», «Сафияның жасы ұзақ болсын! Ата-анасына, туған-туыстарына тек қуанышын көрсетсін», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Тағы оқыңыз: 

Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін дене сымбатын қалай қалыпқа келтіріп алғанын айтты

Данагүл Темірсұлтанова қызының тұрмысқа шығуына қарсы шықты

Қыдырәлі Болманов: Қызым болса, Қарақатқа ұқсасын деп армандаған едім

Ерке Есмахан ұлын мектепке беруге дайындалып жатыр

Талқылау