Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құжатсыз өмір сүруден шаршағанын айтты": Қарағандыда 26 жастағы қыз терезеден секіріп кеткен

Қарағандыда 26 жастағы мүгедек қыз жеке куәлігі болмағаны үшін 3-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Туыстарының сөзінше, ол құжатсыз жүргендіктен, өмірі қиындаған. Алайда ең қиыны мұнан кейін басталыпты. Зардап шеккен қызға жоспарлы ота жасату үшін, 1 миллион теңгеге жуық ақша керек. Себебі ол жеке куәлігінің жоқтығынан міндетті әлеуметтік сақтандыруға іліге алмапты. Қарағанды облысында МӘМС пилоттық жоба ретінде енгізілген еді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Психикалық ауруға шалдыққан Ксения Малышева бала күнінен мүгедек. Ендігі ол төсекке таңылған. 9 қазанда 3-қабаттың терезесінен секіріп кетіп, бірнеше сүйегі сынып, сонымен қатар омыртқасы зақымдалған. Өз әрекетін түсіндірген ол шаршағанын, жеке куәліксіз өмір сүргісі келмейтінін айтыпты.

26 жастағы Ксения еш жерде оқымаған. Оның отбасы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар деп танылған. Анасы ішімдікке салынған әрі оның да құжаттары болмаған екен. Сонымен қатар пәтер жалдап тұрады. Ал Ксенияның қолында бар жалғыз құжаты – туу туралы куәлігі.

«9-ы күні ауруханаға жеткізілді. 2-3 күн жатты. Содан кейін бөлім меңгерушісі: «940 мың теңге табыңыздар. Сонда ота жасаймыз. Ақша болмаса, үйге алып кетіп, өздеріңіз емдеңіздер», - деді. Ал менің ақшам жоқ», - дейді Ксенияның әпкесі Валентина Малышева.

Ал көші-қон қызметіндегілер 16-18 жас аралығында жеке куәлікті рәсімдеу әр қазақстандықтың міндеті дейді. Азамат 18 жастан асып кетсе, құжатты алуы қиындайды екен. Аталған мекемедегілер Ксенияның жағдайына қатысты 30 күннен кейін жауап беруге уәде етті.

«Қандай жағдай болса да, оның құжатын рәсімдеуге барлық негіз бар. Себебі Қазақстан аумағында дүниеге келген, анасы ҚР азаматшасы, мемлекет аумағынан ешқайда кетпеген, туылғаннан бері үнемі Қазақстанда тұрған», - дейді облыстық ПД көші-қон басқармасының бөлім басшысы Елена Бакабекова. 

Ксения Малышеваның жеке куәлігі болмағандықтан, медициналық сақтандыру қорында тіркелмеген. Сондықтан оған ота жасаудан бас тартылыпты. 

«Оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ота жасалады. Алайда оған әрі қарай қаралып, тексеріліп тұру қажет. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс немесе әрі қарай мүгедектікті рәсімдеуі керек», - дейді МӘМС енгізу бойынша жобалық кеңсе басшысы Бибігүл Төлегенова. 

Ксенияның құжаттарды рәсімдеп, ем алуына 2,5 ай уақыты бар. Әзірге мұндай қиындық тек Қарағанды облысының тұрғындарында туындаған. Себебі аталған өңірде МӘМС пилоттық жоба ретінде енгізілген-ді. Ал 1 қаңтардан бастап мұндай жағдайлар Қазақстан бойынша орын алуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады
Çàãðóçêà...