Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құжат сұрағаны үшін: Шымкентте көпбалалы ана әуе қызметкерін ұрып құлатпақ болды

Шымкент қаласының әуежайында әйел адам компания қызметкерін ұрып тастай жаздады. Көпбалалы анаға қызметкердің құжат талап еткені ұнамай қалған-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

әйел

Әйел адам балаларының бірінің туу туралы куәлігін ұмытып кеткен. Кейін қолында құжаты жоғына қарамастан, барлығын бортқа отырғызуды талап еткен. Әуе компаниясының қызметкері өз кезегінде бұлай істеуден бас тартады. Осы сәтте жүйкесі сыр берген жолаушы оны ұрып жібере жаздайды. 

Абырой болғанда жанында тұрған өзге жұмысшылар мен жолаушылар араша түсіп, ашуға булыққан жолаушыны әкетіп үлгерді. Әйтпесе 4 баласын бір өзі өсіріп отырған әйелден әуе компаниясының қызметкері оңбай таяқ жейтін еді. Қалай болғанда да, жүйкесі сыр берген жолаушыға қатысты желілік полиция әкімшілік іс қозғады. Ал «Эйр Астана» бұзық жолаушыға келесі жолы билет сату-сатпау жағын ойластырып жатыр.

"Азамат Шынықұлова дөрекі түрде және тіл тигізіп, қызметкерімізден баласына отырғызу талонын талап еткен. Өз-өзін өртеймін, аштық жариялаймын деп қорқытқан, қоқан-лоққы көрсеткен”, - деді "Эйр Астана" компаниясының баспасөз хатшысы Тлек Әбдірахымов. 

Талқылау