Құймақ жеу сайысы кезінде әйел адам қайтыс болды
Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздерінше, мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға – құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", – деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.
Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген