БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Құтқарушының қайда қарап тұрғанын анықтаймыз": Тұрғымбаев "Хан Шатырда" батқан қыз туралы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтандағы "Хан Шатыр" ойын-сауық кешеніндегі бассейнге батып өлген қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

"Кеше қылмыстық іс қозғалды. Негізінде ол жерде мектеп ұйымдастырған жазғы лагерь болған. Кеше 30 бала бассейнде жүзіп жүрген. Қайғылы жағдай болып, қыз бала суға батып кетті. Ол кезде құтқарушының қайда болғанын және тиісті шараларды неге қабылдамағанын қазір анықтаймыз. Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың неліктен лагерь кезінде қауіпсіздік шараларын дұрыс қолға алмағаны да анықталып жатыр", - деді министр. 

Әрі қарай ол видеобақылау камераларының қайта қаралып жатқанын айтты. Сондай-ақ, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. 

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова өздерінің оқиға болған жерге барғанын айтты. 

"БҒМ мен ІІМ-нің балаларды жүзуге үйрету туралы бұйрығы бар. Ал жазғы лагерьде жұмыс істейтіндерге келсек, әрбір ұстаз бала қауіпсіздігі үшін жауап беретіндіктен жүзуді біледі. Мектеп лагерьлері бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады", - деді министр. 

Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ойын-сауық орталығында қыз бала бассейнге батып кетті. Ол №10 мектепте 1-сыныпты тәмамдаған. Көпбалалы отбасының тұңғышы болған

Қыз бала бассейнге мектеп лагерінің бағдаралмасы бойынша барған. Полиция ҚР ҚК 141-бабы бойынша істі қолға алды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр