Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құтқаруға 7 минут жетпей қалды": Ерікті қыз өлді деп ойлаған науқас тірі болып шықты

Әлеуметтік желілерде Бішкектегі волонтер-қыздың ауруханаға алып келген ер адамның көз жұмуына және оған ешкім көмектеспеуіне байланысты жылап отырған видеосы тарады. Алайда, Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп, ер адамның жағдайы жақсы екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстандағы "Бастамашыл жастар орталығының" белсенділері  инстаграм парақшаларында ерікті қыздың жанайқайын жариялады. Көзіне жас алған қыз ауруханада пневмониямен ауырған науқастың өмірін құтқара алмай қалғанын айтқан еді.

Милицияда хабарлағандай, видео жарияланғаннан кейін Ішкі істер министрлігі Бішкектегі қай аурухана ер адамды қабылдағысы келмегенін тексеру үшін жедел-іздестіру шараларын бастады.

Тергеу барысында ерікті София-Айдана Мырзаева 16 шілде күні сағат 22:50-де Ақ-Өрге тұрғын алабында ер адамның есінен танып қалғаны туралы ақпарат түскенін айтты.

Сол жерге келген еріктілер тыныс алуға қиналып отырған ер адамды көрген. Ол түнгі стационарға жеткізілген. Айғақтарға сәйкес, стационар дәрігерлері бос орын жоқ екенін мәлімдеген, бірақ олардан ауруханаға жатқызғанға дейін оны оттегі концентраторына қосуды уақытша сұрады. Сосын ер адамды стационарға алып кеткен, ал 10 минуттан кейін дәрігерлердің бірі еріктілерге науқастың жүрегі тоқтап, қайтыс болғанын хабарлады.

Алайда, ер адам тірі болды. Ол 45 жастағы Ат-Башин ауданының тумасы Жоломан Қарымшақов болып шықты.

"16 шілде күні кешкі сағат 10-да мас күйде болдым. Менің қан қысымым көтеріліп, жол үстіне жаттым.  Еріктілер келіп, өз машинасымен мені ауруханаға алып келді. Ауруханаға барар жолда мен бірнеше рет есімнен танып қалдым. Есімде, тағы да өз-өзіме келгенде, волонтер қызды көрдім. Мен оған қарап, былай дедім: "Сен менің қызыммен қатар сияқтысың,  мен қызымды қатты жақсы көремін, егер мен кенеттен өлсем, қызыма әкесі оны жақсы көретінін айт", сосын тағы есімнен танып қалдым. Содан кейін көзімді ашқанда, ауруханада системада жатқанымды көрдім. Ол таусылған соң, дәрігерлердің рұқсатымен үйге кетіп қалдым", - деді Қарымшақов.

Ол өзін жақсы сезінетінін айтты.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу бойынша барлық тергеу әрекеттері аяқталды, іс тоқтатылады", - деп қосты қырғыз ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр