Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құшақтағаны үшін: 12 жастағы оқушы мұғалімнің тәніне қол жүгіртті деп айыпталды

АҚШ-тың Вустер қаласында 12 жастағы оқушыны сабаққа қатыстырмай қойған. Оған 7-сынып оқушысының дене шынықтыру пәнінің мұғалімін құшақтауы себеп болыпты.

Құшақтағаны үшін: 12 жастағы оқушы мұғалімнің тәніне қол жүгіртті деп айыпталды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC Boston порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектептегілер 12 жастағы оқушыны мұғалімге алымсақтық жасады деп айыптап, 10 күнге оқудан шеттеткен.

«Маған ұлымның мұғалімнің денесіне қол жүгірткенін айтты. Мұны естіп, шок болдым. Мән-жайын сұрадым. Сол кезде оның дене шынықтыру пәнінің мұғалімін құшақтап алғанын түсіндірді», - дейді оқушының анасы Джули Ороско.

Оқушының сөзінше, сол күні ол спортзалда сыныптастарымен бірге есерленіп, ойнап тұрған екен. Осы кезде педагог одан орындыққа отыруын сұрапты.

«Сол кезде мен мұғалімнің жанына барып, құшақтап: «Өтінемін, мені жазаламаңызшы!» - деп сұрадым. Себебі маған сыныптастарыммен ойнаған ұнайды. Мен оны жай ғана құшақтадым. Ойымда артық ештеңе болған жоқ», - дейді оқушы. 

Арада 5 минут өткеннен кейін мұғалім оған балалармен ойнауға рұқсат берген.

Оросконың айтуынша, келесі сабақ басталғанда ұлын директордың кабинетіне шақырыпты.

«Мұғалім өзін ұстатып, құшақтауға жол берсін демеймін. Тек оның оқушыларға арадағы қарым-қатынас ережелерін дұрыс түсіндіргенін қалаймын», - дейді оқушының анасы.

Ата-ана мен мектеп арасындағы әңгіме мен ата-аналар жиналысынан кейін мектеп оқушыға берілген жазаны жеңілдетті. Нәтижесінде оқушы оқудан 4 күнге шеттетіліп, оның жеке мәліметтеріне болған жайт туралы мәлімет енгізбейтін болды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жанын қинамай өлтіргісі келді": Петропавлда екі адамның өмірін қиған айыпталушының адвокаты жұртты шошытты

Қанды оқиға тамыз айында Мамлют ауданында болған

Алматы облысында ер кісі 20 жылға жуық уақыт бойы құлдықта жүргенін айтты

Сергей Тимохин қателік жіберсе, соққының астында қалатынын жасырмады

Маңғыстау облысындағы перзентханада шала туылған бала мұрнынан айырылды

Сәбидің анасы дәрігерлерден емге 10 миллион тенге талап етпек

Арыс қаласындағы балаларға қайырымдылықтан түскен 32 млн теңгеге сый жасалды

Ұлдарға ағаш пен метал жонитын құрал, қыз балаларға тігін машиналары табысталды

Химиялық кастрация жасайды: Қаратаудағы 9 жасар баланы өлтірген педофил өмір бойына сотталды

Қылмыскер бүлдіршіннің денесін өртеп, велосипедпен әкетіп бара жатқаны камераға түсіп қалған

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа түрі қашан беріледі

Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін өзгерту қажет пе?

Алматыдағы мектеп жанында жеті жасар қызды қағып қашып кетті

Қызды жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек орталығына алып кетті

Елімізде жоқ облыс атында 1,3 млрд теңге қарыз бары белгілі болды

Есеп комитетінің басшысы мәселені шешу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды

"Фабрика" тобының бұрынғы әншісі ислам дінін қабылдап, ауылда тұрып жатыр

Әпкесі әншінің өз еркімен және саналы түрде мұсылман әйел болғанын айтады

Ерке Есмаханның пластикалық отаға жүгінгені рас па

Диас Аблаев: Жанынан қарағанда тіпті жаман көрінеді
Çàãðóçêà...