Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құс тұмауы емес": СҚО-дағы кәсіпорында құстардың жаппай қырылуы орын алды

СҚО-дағы құс фабрикаларының бірінде барлық құс желдеткіштің өшірілуінен тұншығып өлген. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оқиға орнына барған комиссия бүкіл құс фабрикасы бос екенін, ешқандай тауық жоқ екенін анықтады. Құс фабрикасының мал дәрігері бір күн бұрын ол жерде желдеткіш өшірілгенін айтты.


"Технологиялық тұрғыдан желдетуді өшіру туралы шешім қабылданды, құс қарапайым тілмен айтқанда тұншығып қалды. Тауықтар асфиксиядан қырылып қалған. Фабрика иелері өлі құстардың көзін жойып, барлық қажетті дезинфекциялық жұмыстарды жүргізді. Осылайша, тауықтардың қырылуын құс тұмауымен байланыстыру мүмкін емес. Өйткені осы құс фабрикасының басшылығы мен мамандарынан ешқандай хабарлама болған жоқ", - деді Гүлмира Исаева брифингте.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр