Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрт жеп жатыр: Тіс дәрігерлері балаға беруге болмайтын тағамдарды атады

Тіс дәрігерлері газдалған сусын, қытырлақ картоп, кептірілген нанды балаларға беруге болмайды деп дабыл қағуда. Аталмыш тағамдардың кесірінен Алматыдағы 15 жасқа дейінгі балалардың 90 пайызының тісіне құрт түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

тіс

Дер кезінде емдемесе, буыны бекімеген баланың жақ сүйегіне дейін қисайып тісі өспей қалуы мүмкін. Соңғы уақытта жеткіншектер арасында тісжегі ауруы асқынып тұр. Емханаға келген 10 баланың тоғызында тіс құрты бар.

"Бұрын кәмпит, қант болса, қазір тәттілердің түрі көбейіп кетті. Газдалған сусын, қытырлақ нан, картоп, чупачупсты бала аузында ұзақ сорып жүреді. Бұл өте зиян. Емханада істегеніме 22 жыл болды. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір тісжегі өте көп. Бес бала келсе, соның бесеуінде де тісжегі бар", - дейді Алматы қалалық балалар тіс емханасың дәрігері Раушан Қозыбекова.

Соңғы уақытта туа бітті таңдайы жоқ немесе жырық ерін болып туылатын шақалақтар көбейген. Ондай сәбилер перзентханадан шыққан бойда емханаға жеткізіліп, жасанды таңдай салынады. Мұндай кемістік болмас үшін анасы жүктілік кезінде күтініп, дұрыс тамақтануы тиіс дейді дәрігерлер. Емханада барлық ем шара тегін. Қаладағы жалғыз балалар тіс емханасы 15 жасқа дейінгі барлық баланы ақысыз емдейді.

"Үйде «жеме» деп айтамыз. Мектеп арасында, үйге қайтқан кезде біздің көзді ала бере, сусындар ішіп, түрлі қытырлақтарды жейді. Үйде мұқият қадағалаймыз", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Эльмира Шәкемова.

Емханаға келетіндер санының көбеюіне байланысты  жұмыс уақыты да ұзарған.

"Емхана орта есеппен алғанда күніне 200250 бала қабылдайды. Жылына 73 мыңдай бала емделеді. Балалар саны еш азайған жоқ. Керісінше, бұрын 5 күн жұмыс істесе, қазір 7 күн жұмыс істейміз", - дейді Алматы қалалық балалар тіс емханасының бас дәрігері Төретай Рузиддинов.

Мамандар баланың басы ауырып тісі солқылдағанын күтпей, дәрігерге жүгіну керек дейді. Сүт тістері түсіп, тұрақты тіс шыққанша жылына екі мәрте дәрігерге қаралған абзал. Ол үшін ұзын-сонар кезек күтпей-ақ, үйде отырып онлайн тіркеуге тұруға болады. Науқастар ақылы бөлімде де ем-дом қабылдай алады.   

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейлік браконьерлер қазақстандық инспекторларға тап беріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға Солтүстік Қазақстанда орын алған

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қарағанды полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Олар аппеляциялық сотта ақталып шықты

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей өңірінде -33 градус аяз күтіледі

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ол адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелуде

"Қол астындағы қызметкерім үшін кешірім сұраймын": Оралда бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Алматы облысының тұрғына 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Зейнеткерді өлтіріп, көңнің астына көміп қойыпты

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Ол 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған

Анасы сегіз кішкентай баласын пәтерде бірнеше күнге қалдырып кеткен

Алты айдан сегіз жасқа дейінгі балалар суық үйден табылды

Ақтөбеде қызметкер қарттар мен мүгедектердің банктік карталарынан ақша шешіп отырған

Әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кірген

Бензинмен от жақпақ болған: ШҚО-да 8 жастағы баланың беті мен қолы күйіп қалды

Бүлдіршін ауруханада жатыр
Çàãðóçêà...