AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құрылтай өткізілген орын мен уақытта өзіндік мән бар": Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың еліміз үшін маңызын түсіндірді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай өткізудегі негіздегі идеологияларды ойды атап өтті. Оның айтуынша, құрылтай ел тағдырына ықпал ететін стратегиялық маңызы бар ұзақмерзімді шешімдерді қоғамда кеңінен талқылау арқылы қабылдайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қарин

Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында, оны жасақтауда, өткізілген орны мен уақытында бірнеше идеологиялық мән бар екенін айтты. 

"Бірінші ой – біздің мемлекеттілігіміздің тарихи тамыры тым тереңде. Құрылтайдың Жошы хан кесенесінің дәл іргесінде өткізілуінде ерекше мән жатыр. Біздің мемлекеттілігіміздің тамыры Алтын Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасып, Алашорда кезеңінде жалғасып, Тәуелсіз Қазақстан тұсында қайта жаңғырды. Осылайша қазіргі мемлекеттілігіміздің тарихи тамыры тереңде екені айшықталып отыр", – деді ол.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, құрылтай өткізудегі екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу. Ол Ұлттық құрылтайдың келесі жиыны Түркістанда өтетінін де қосып өтті. 

"Бұл – халқымыз үшін киелі жерлер. Сонда мұнда барлық халқымызды бірлікке шақырған иедологиялық ой бар. Құрылтайдың дәл осы уақытта өтуі де бекер емес. Құрылтай жалпыхалықтық референдумнан кейін өтті. Ұлттық құрылтай жалпыұлттық бірлікті бекікте түспек", – деп қосты Қарин.

Ерлан Қариннің сөзінше, үшінші идеологиялық ой – мемлекеттік мүдде барлығынан биік. 

"Республика күнін қайта жаңғыртып, оған ұлттық мереке мәртебесінің берілуі Тәуелсіздік идеясы мен мемлекеттік құндылықтарды берік орнықтыра түсуге бағытталған. Осы үш құндылық жаңа қоғамдық шартты қалыптастыру кезінде ең басты бағдарымыз болады", – деді мемлекеттік хатшы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр