Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құны 20 мың доллар: Қазақстанда дала әжетханаларын орнатпақ

Дамыған 50 елдің қатарына қосылудың аз алдында тұрған Қазақстанда биыл дала әжетханалары соғылатын болды. Тарихи орындардың өзіне әжетханаға орнатпай келген үкімет шетелдік саяхатшыларды елге шақырмай тұрып, бұл келеңсіздікті жою керектігін енді ұғынғандай. Ішкі туризмді дамыту үшін арнайы жобалық кеңсе де құрылған екен. Оның алдағы жұмысын талқылау үшін күні кеше Алматыда сарапшылар тобы бас қосты.

Құны 20 мың доллар: Қазақстанда дала әжетханаларын орнатпақ

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің көрікті жерлерін саяхатшыларға көрсетіп, қазынаға кіріс келтіру үшін, ең болмағанда, демалыс орындарына баратын жолды тегістеп, әжетханалар орнату керек, дейді сарапшылар. Бұл жұмыстың биыл басталатынын айтқан «Қазақ Туризм» компаниясындағылар Сауран, Ақыртас сияқты тарихи орындарда әрқайсысының құны 20 мың долларға (7 млн 600 мың теңгеден аса) бағаланған, көпшілік жиіркенбей баратын әжетханалар орнатып, Алакөлге баратын жол төселетінін айтты.

Сонымен қатар бағасы аспандап тұрған ішкі демалыс орындарына жеңілдік жасалатынын айтты. 

Бұл жұмыстарға үкіметтен 1 трлн 30 млрд теңге бөлініп отыр. Инфрақұрылым жасаса, тағы 900 млрд теңге инвесторлар қаражатын қосу көзделген.

Талқылау