Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құмыраға салып, көміп тастаған: Дәрігерлер ата-анасы тірідей жерлеген нәрестені аман алып қалды

Үндістанда дәрігерлер саздан жасалған құмыраға салынған күйінде мазардан табылған нәрестені күтіп-баптап, аман алып қалды. 

Құмыраға салып, жерлеп тастаған: Дәрігерлер ата-анасы тірідей көміп тастаған нәрестені аман алып қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа туған қыз ауруханаға бір айдан аса уақыт бұрын түскен еді. Ол кезде шақалақтың салмағы бір келіге де жетпеген және қатты тоңып қалған екен. Ол туғалы ембегендіктен, денесінде май тіні болмапты.

Қазіргі уақытта нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ем-дом барысында оның салмағы екі есеге артты. Ол бөтелкеден сүті ішіп, аурухана қызметкерлерінің әрекетіне жауап береді. Дәрігерлер оны таяуда ауруханадан шығаруымыз мүмкін дейді. 

Қыздың биологиялық ата-анасы адам өлтіруге оқталды және 12 жасқа толмаған баланы тастап кетті деп күдіктеліп отыр. Олар әлі күнге дейін табылған жоқ. Барели полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Болжам бойынша, ата-анасы перзентін шала туылғаннан кейін жерлеп тастаған. Оны саздан жасалған құмыраға салып, матамен орап, тереңдігі 60 сантиметр болатын шұңқырға көмген. Нәресте жер астында шамамен 48 сағат жатып қалған. 

Қызды өлі туған баласын жерлеу үшін мазарға келген ерлі-зайыпты тауып алыпты. Олар баланың жылаған даусын естіп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған. 

Оқиғадан кейін бірнеше адам нәрестені асырап алуға ниет танытты. Олардың ішінде нәрестені тауып алған ерлі-зайыпты да бар. Әзірге олардың ешқайсысы асырап алу туралы жазбаша өтініш берген жоқ.

Талқылау