Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құқық бұзушы Павлодар облысының полицейлері арасында COVID-19 індетін таратты

Павлодар облысы Аққулы полиция бөлімінің жеті қызметкеріне коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күніне 2 854 теңге: Қазақстанда зейнеткерлер мен өмір бойына сотталғандар бірдей қаражатқа өмір сүреді

Полиция бөліміне мал ұрлады деген күдікпен ШҚО тұрғынын әкелген. Дәл сол күдіктен коронавирус полицейлерге жұққан. 

"Бір күнде (қараша айында) осы ауданда 11 оқиға анықталды, олардың негізгі бөлігі – аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері. Олар Шығыс Қазақстан облысынан мал ұрлыған күдіктіні ұстады, ер адам УҰИ-ға қамалды. Белгілі болғандай, қылмыскерде COVID-19 ауруының симптомсыз түрі болған. Осы адамнан АІІБ-де ауру пайда болды. Дереу барлық байланыстағылардан анализ алып, осы қызметкерлерді үй карантиніне жібердік. Олардың ішінде оң нәтиже көрсеткен жағдайлар анықталды", - деп хабарлады аудан әкімінің орынбасары Алма Қасымова.

Қасымованың мәлімдеуінше, қарашаның басынан бастап Аққулы ауданында аурудың 21 жағдайы анықталды. Полицейлерден басқа бір зейнеткер ауырып қалды. Қалғандары - жұмыс істейтін аудан тұрғындары.

Талқылау