Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құдайым-ай, неткен еркек: Димаштың

Танымал әнші желідегі парақшасында жазба қалдырып, өзінің суретін жүктеген. Көзіне көзілдірік тағып, жейде киген Димаш Құдайбергеннің денесінің бір бөлігі ашылып қалған. Мұны көрген желідегілер таңқалыстарын жасыра алмады. Ал әншінің тыңдармандары оның бұл бейнесін көріп, не айтарларын білмей қалған. Дегенмен, қыздар қауымы Димаштың "жүн басқан кеудесін" көріп естерінен танды. 

"Күйдіріп жіберетін сурет. Недеген тартымдылық", "Жігіт өсіп кетіпті", "Димаш кішкентайым, тез қырынуға бар", "Артур Пиражков па?", "Құдайым, неткен еркек", "От сурет қой мынау", "Таңқалдырдың", "Нокаундқа кеттім", "Бұлай болады деп ойламағанмын, әдемі", - десті олар.

Алайда, өнер иесінің жаңа бейнесін жақтырмағандар да табылды. Олар Димаштан бұрынғы образыңды қайтар деп өтініп, әншіге бұлай кеудесін ашып жүрген жараспайтынын айтты. 

"Недеген түр? Бұл жаңа образ ба? Осылайша бала бейнеңнен шыққың келіп жүр ме?", "Мен таңқалып отырмын", "Бұрынғы Димаш қайта оралсын", "Сәтсіз образ", "Сені мұндай образда тану қиындау екен, үйренбегеннен кейін ғой деймін", - дейді жұрт. 

Талқылау