Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдайдың берген белгісі": Ер адам 40 жыл бойы шашын жуып, қимаған

Үндістанның Мунгер округінде ер адам 40 жыл бойы шашын жумаған әрі қимаған екен. Оның шашы өте ұзын болып өсіп кеткен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

63 жастағы Сакал Дев Тудду 40 жыл бұрын ұйықтап жатқан кезде, шашының ұйысып қалғанын еске алады. Ол мұны Құдайдың берген белгісі деп түсініпті. Айтуынша, жаратушы оған түсінде келіп, шашын қиюға тыйым салатын көрінеді. Артынша ер адам дін ережелеріне бағынып, ішімдік пен шылымды тастаған.  

Дев Тудду көшеге шыққан кезде біртұтас болып ұйысқан шашын төбесіне жинап, оған ақ мата жауып жүреді. Бұл шашым еденге тиіп, кірлемеуі үшін, дейді. 

Ол Рупия Деви есімді әйелмен шаңырақ көтерген. Бүгінде олардың үш ұлы, үш қызы және 7 немересі бар.

 

Қария әйелінің сырт келбетіне қатысты сын айтпайтынын жеткізді. Ол 31 жылдан бері орман шаруашылығы департаментінде жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарға бедеуліктен арылуға көмектеседі.

Талқылау