Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құбыр жарылған: Рудный тұрғындары тағы да жылусыз қалды

Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жол суға толып, 24 жаңа үй мен 59 жеке тұрғын үй жылусыз қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

рудный

Құбыр жарылып, Рудныйдағы Парк көшесі суға толды. 9 ақпанда таңертең жолдың үстінде бу көтерілген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ленин-Горняков көшелерінің қиылысында болды.

"Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленинге дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесіндегі жылу трассасының учаскесі жабылды. 24 үй, 59 жеке сектор және 17 заңды тұлға жылусыз қалды", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 09 Ақпан, 2023 09:47
Талқылау