Соңғы жаңалықтар

"Күйеулеріңіз маған қызық емес": Мадина Оспан сүйіктісі барын айтты

Мадина Оспан әртістердің әйелдеріне жарларыңды қызғанбандар, қызғансаңдар өнерге жібермеулерін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.  

мадина оспан

"Өздерінінің күйеулеріне көрсеткен шығар мінездерін, бірақ маған ондай ешнәрсе білдірмеді. Егер маған келіп айтатын болса, Мадина мен сенен жарымды осылай қызғанып жатырмын, сен маған тыныштық бермедің, мен сені жек көремін деп айтса түсінетін едім. Сосын мен бәрін түсіндіріп беретін едім. Бұл біздің мамандық қой Менің өзімнің сүйгенім бар, сондықтан сіздердің күйеулеріңіз маған қызы емес деп айтқым келеді. Болмаса өнерге жібермеңіздер", - деді Мадина.

Шынын айтамын деп, сырын айтып қойған ару алдағы уақытта тұрмыс құру туралы ойымен де бөлісті. 

"Иа, мына күні тұрмысқа шығамын немес тұрмыс құру ойымда жоқ деп кесіп айта алмаймын.Барлығы бір жаратушының қолында. Алла бұйыртып, оның сәті түсіп жатса неге құрмасқа? Құрамын, әрине",- деп күлді әртіс қыз. 

Сөз арасында Мадина үй шаруасымен айналысуға ерінетіндігін айтып қалды. 

"Үй шаруасына көбіне уақытым жетпей жатады. Себебі мен көп шаршаймын. Күні бойы түсірілімде, театрда жүремін. Мен шамамен 3-4 сағат қана ұйықтаймын. Содан кейін кешке дейін аяқта жүремін. Ал үйге келген соң үй шаруаларымен, кір жуумен айналысуға ерінемін. Менде адаммын ғой, бұған қоса мен әлі жаспын, бұған өз уақытымды жоғалтқым келмейді. Мен күшім мен энергиямды өзімді дамытуға жұмсағым келеді", - деді әртіс. 

Десе де көрермендер мен оның әлеуметтік парақшасының оқырмандары Мадинаны жақсы келін боласын деп мақтайтын көрінеді. 

"Мені теледидардан көріп алып, йой сенен күшті келін шығадый деп айтатындар көп. Білмеймін, мен өмірде өте еркемін ғой",- деп қосты ол.

Экранда үнемі көңілді жүретін бикеш өмірде басқашамын деп ақталды. 

"Жоқ, бір шетінен олай айтып қорқытып алмайын. Бірақ қатты ашулансам, ішімдегі жыртқыш оянады десем болады. Бірақ мені бұл жағдайға жеткізу қиын, себебі мен дау-дамайға жақын адам емеспін. Жанжал болған кезде мен керісінше аузыма құм құйылып, сөйлемей қаламын. Егер менің межеленген шегімен біреу жыныма тиіп жетсе, 360 градусқа өзгеріп кетемін", - деді актриса. 

Оған қоса бикеш дос таңдауға келгенде өте сақ көрінеді. 

"Мен өзімді экстравертпін деп санаймын. Қатты достыққа, жаңа таныстықтарға мұқтаж адам емеспін. Бәріміз бір отырыста немесе бейнабаянда кездесіп, әңгімелесіп кетуім мүмкін. Бірақ алдағы уақытта мен ол адаммен жақын араласып кетемін деп айта алмаймын. Өйткені мен сондай адаммын. Әрине ол кісіні көрсем амандасамын, алайда оны менің досым деп айта алмаймын", - деді әртіс.

Бұның да себебі бар көрінеді. Себебі өнерде жүрген актриса талай досымақтардан аузы күйген секілді. 

"Былай қарап тұрсаң дос деген аз. Екі адам жақсы дос болып жүреді, бірақ біреуі кетіп қалса, екіншісі оны жамандай түседі. Алдыңғысы келіп екіншіні жамандайды. Қалай ол екеуі дос болып жүргенін мен түсінбеймін. Мен ондай адамдарды жиі кездестіремін, соған қатты таңқаламын. Сол үшін қоқамын", - депаяқтады Мадина сөзін. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...