Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінің көзіне ешқашан шөп салмаған әйел өзге адамнан балалы болған

Гана тұрғыны ешқашан күйеуінің көзіне шөп салмағанымен, ДНҚ сараптамасынан өтіп, өзге ер адамнан бала туғанын білген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

The Mirror басылымының мәліметінше, аты-жөнін жасырған әйел ганалық белгілі әнші Дэвид Бондзе-Мбирге хат жолдаған. Әнші өзінен психологиялық қолдау және кеңес сұрап хат жазатындардың көп екенін айтады. 



Әйелдің сөзінше, бастапқыда күдіктенген соң ДНҚ-тест тапсырып көрген. Нәтижесінде баланың әкесі өзінің күйеуі емес екенін білген. Дегенмен күйеуіне адал болғанын мәлімдепті. Әрі үйленген соң бірнеше айдан кейін жүкті болған. 

"Үйленген соң бірге болған тек күйеуі ғана екен. Бірақ тест нәтижесінің неліктен теріс болғанын түсінбейді. Күйеуінің көзіне шөп салмағанына ешкім сенбейді", – дейді әнші.

Желіде мыңдаған адам оқиғаға қатысты өз нұсқаларын ұсынған. Көпшілігінің пікірінше, баланы ауыстырып алуы мүмкін. Дегенмен Бондзе-Мбирдің сөзінше, баланың анасы әйелдің өзі екен. Ал қолданушылардың екінші бөлігі ДНҚ-тестін қайта тапсыруды ұсынған. 

"Бәлкім, күйеуінің дүниеге келер кезде көз жұмған егізі болған шығар. Ал бала ағасынан туған. Бұл жай ғана теория, нақты емес", – деп жазды келесі желі қолданушысы. 

Бұл теорияны екінші желі қолданушысы қолдаған. 

"Мен YouTube-те бір әйел туралы видео көргенмін. Ол ДНҚ сараптамасынан кейін үш баласының да өзінікі емес екенін білген. Кейін әйелдің жатырда болған кезінде толығымен қалыптаса алмаған егізін жұтып қойғаны анықталды. Ал балаларында дүниеге келмеген егізінің ДНҚ-сы болған", – деп жазды ол.

Талқылау