Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуім мен қызым жарымжан: Нұр-Сұлтанда 8 балалы отбасы жертөледе тұрып жатыр

Көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өлместің күнін кешіп жүрген көпбалалы ана көмек сұрады. Бұрын мұқтаждық дегенді білмеген отбасы өлім аузында жатқан аналарының өмірін сақтап қалу үшін үйлерін сатып жіберіпті. Ал отбасының жалғыз асыраушысы болған отағасы құрылыс алаңында тоққа түсіп, жұмыс істеуге жарамсыз болып қалған.

Күйеуім мен қызым жарымжан: Нұр-Сұлтанда 8 балалы отбасы жертөледе тұрып жатыр

Жарымжан қызының жәрдемақысына күн көріп жүрген  Бегдуалиевтер әулетінің жағдайын Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Ең құрғанда, бір бөлмелі баспана болса, бала-шағамның бәрі шашылып кетті. Бәріміз мына кішкентай жерге сыймаймыз», - деді ана.

Қос жанары жасқа толған ананың халықтан көмек сұраудан басқа амалым қалмады дейді.  Бегдуалиевтер әулетінде 8 бала бар. Осыдан екі жыл бұрын бәрі бір шаңырақтың астында тұрып, мұқтаждық дегенді мүлдем білмепті. Бірақ кейін аналарының денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер шұғыл ота жасау керектігін айтқан. Отағасы да көп ойланбай, үйлерін сатып жіберіпті. Ал өлім аузынан аман қалған аналары бүгінде мүгедек.  

«Жалға тұрғанда, мен больницада, күйеуім жұмыста болған, бала-шағам үйде өздері қалған. Сөйтіп ауылдық жер болған соң, үйге пеш жағамыз, ауылдық жер болған соң, пешке балалар көмір салғанда, пештің аузы ашылып кеткен. Содан үй өртеніп кеткен. Бірақ бала-шаға аман. Соны екеуміз ремонттап, қолымыздан түк келе бермейді. Әйтеуір сылап-сылап отырдық сол жерде», - деді көпбалалы ана Шынар Бегдуалиева. 

Бірақ үй иесі де кейін "баспананы босатыңдар" деген соң, далада қалған отбасы жертөледен пана тауыпты. Бірақ мұндағы қуықтай бөлмені 60 мыңға жалдап тұрады. Ал былтыр ғана құрылыс алаңына жұмысқа тұрған күйеуі 10 мың вольттық тоққа түскен. Жұмыс беруші де еш өтемақы төлемей, жұмысынан қуып шығыпты.

«Еш-жақтан көмек келіп жатқан жоқ. Бірақ әйтеуір жақсы адамдар бар, киім-кешек беріп жатыр ғой. 2 келі болсын продуктымызды әкеліп жатыр. Соған да шүкір. Ет жемесек те, нанымыз бар», - деді көпбалалы ана.

Бегдуалиевтер әулетінің кенже қызы да жарымжан екен. Үлкен мидың оң және сол жағында ісігі бар. Ал үкіметтің берген жәрдемақысына күн көріп жүрген отбасының бар қаржысы пәтер ақысы мен дәрі-дәрмекке жұмсалады. Тіпті аш қалатын кездері де  жиі болатын көрінеді.  

«Мен өскенде аспазшы болғанды қалаймын. Неге? Өйткені аспазшы деген қызық қой, тамақ пісіріп бересің», - деді қызы Айару.

Жығылғанға жұдырып қып, пәтер ақысын төлемеген отбасына үй иесі "баспананы тездетіп  босатындар" депті. Енді олар қыс таяғанда далада қаламыз ба деп қорқып отыр.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан

Қостанайда жарты миллион пара алған шенеунік сотталып кетті

Жер қатынастары бөлімінің басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Çàãðóçêà...