Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуім құдам болды: Қазақстандық әйел ұлының өз қарындасына үйленгенін айтты

Елуді еңсерген Рысгүл Нұрсұлтанова 10 жыл бұрын көрген қорлығын айтып студияға көмек сұрап келді. 15 жыл отасқан жұбайы аяусыз тепкінің астына алып, күн көрсетпейтіндей Рысгүл Нұрсұлтанованың қандай жазығы болған?

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Алтын асықтай үш ұлын тастап қашқан ананы балалары енді кешіре ме? Бауыр еті баласынан айырылып құса болған ананы туыстары неге жақтырмайды? Ал туған ұлы өгей шешесіне еріп келген қызға үйленіп, құда-құдағи атанған ерлі-зайыптылардың ендігі мәселесі қандай болмақ? 10 жыл бұрын ажырасып кеткен күйеуінен Рысгүл апай не талап етеді? Рысгүл Нұрсұлтанова осы жайында баяндап берді.

"Мен күйеуіммен ажырасып кеттім. Оның қорлығына шыдамадым. Себебі себепсіз ұрып-соғатын. Он жыл тұрдым. Ақыры шыдамай кеттім. Ортақ үш ұлымыз бар. Ұлдарымды менімен араластырмай қойды. Үлкен ұлым мені мойындамайды. Ана деп те атамайды. Атыммен атайды. Оны көрмегеніме 25 жыл болды. Ортаншы ұлыммен, кіші ұлыммен хабарласып тұрамын. Олармен араласып жүрмін. Ал үлкен ұлым мені іздемейді", - деп жылады ана. 

Рысгүл апайды туыстары "көкек ана" атап кеткен. Балаларын тастап қашты деп айыптайды. Ал жалғыз тұрып жатқан әйел балалары мен немерелерін бір көруге зар. 

"Күйеуім менен кейін тағы үйленді. Әйеліне еріп келген бір қызы бар еді. Үлкен ұлыммен бірге өсті. Ағалы-қарындас болып жүрді. Бала күнінен бірге өскен. Кейін екеуі үйленді. Менің бұрынғы күйеуім өзіме құда болып отыр. Әйелі өз қызын келінім деп атайды. Сырт көзден солай жасырады. Ұлымның 8 баласы бар. Өгей шешесі - енесі. Сол кісінің айтқанынан шықпайды. Әкесінен аса алмайды. Мені бәріне жамандап, жаманатты қылып қойды", - дейді Рысгүл ана. 

Рысгүл Нұрсұлтанова ортаншы ұлымен бір жылдай бірге тұрған. Кіші екі ұлы да үйленген. Алайда үлкен ұлынан үміт күтеді. 

"Маған да ұсыныс айтқан  азаматтар болды. Үйі де бар, жағдайы да бар азаматтар үйленейік деді. Мен үш ұлымды ойладым. Үш ұлым маған келеді деп күттім. Құдайдан әлі үміт үзбеймін. Үлкен ұлымның мені жақсы көретінін, мені жасырын іздейтінін білемін. Аналық жүрегім сезеді. Ол тек өгей анасынан, әкесінен қорқады", - деп ақталды. 

Рысгүл апайдың күйеуі ұлын өгей қызына үйлендіргенін мойындады. Алайда олар бір-бірін жақсы көріп үйленді дейді. 

"Ұлым мен қызым бір-бірін жақсы көрді. Қалаға жұмысқа кетіп, нәрестелі болып келген. Содан оларды қостық. Қызым мені папа деп атайды. Балаларымды анасымен араластырмай қойған жоқпын. Олар өзі араласқысы келмеді. Себебі анасы кезінде тастап кеткен. Сол үшін жек көреді. Екі ұлым барып тұрады анасына. Мен олардың араласуына қарсы емеспін", - деп ақталды. 

Бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-бірінің сөзіне қарсы шықты. Ажырасуға да, балалармен арадағы дауға да бір-бірін айыптады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр