Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеу бала жақтырмайды": Нұрлан Еспановтың қызы неге орамал тағатыны белгілі болды

Нұрлан Еспановтың қызы неге орамал тағатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Анасына қарап, тұрмыс құрғаннан кейін орамалын тастамаған Нұрлан Еспановтың қызына да күйеуі өтініш жасаған көрінеді. Бұл туралы әншінің жары Жанар Еспанов айтып берген болатын. Ол күйеу баласының мінезі Нұран Еспановқа ұқсайтынын да жасырмады.

"Күйеу бала да ашық-шашық киінгенді жақтырмайды. Орамал тағады қызым. Көп тартпаса да, тырысып жүреді. Жолдастарының арасында лента, тюрбан сияқты тағады. Күйеу баласы атасына ұқсаған ғой", - дейді Жанар Еспанова.

Өзі орамал тағып, қызына үлгі көрсеткен Еспановтың әйелі бастапқыда намаз оқыса да орамал тақпай жүргенін жасырмады. Дегенмен, соңғы 4 жыл бойы басынан орамалы түспеген.

"Намаз оқығаныма 11 жыл болды. Бірақ бастапқыда орамал таққан жоқпын. Орамалды Хадия қызымды босанғаннан кейін тақтым. Содан кейін шешпеймін", - дейді Жанар Еспанова.

Талқылау