Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күштеп кіргізіп алды: Ақтауда полицейлер биіктен секіріп өлмек болған жігітті құтқарды

Ақтауда полицейлер жас жігітті құтқарды. Ол көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, суицид жасамақ болған.

Күштеп кіргізіп алды: Ақтауда полицейлер биіктен секіріп өлмек болған жігітті құтқарды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 2 шілдеде орын алған. Полицейлер патурль кезінде қыздың айқайлағанын естіген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көпқабатты үйдің шатырында тұрған жігітті көреді. 

«Полиция қызметкерлері өз өмірін қатерге тігіп, ер адамды құлап бара жатқан жерінен ұстап алды. Ол таяныштан ұстап қалып, тәртіп сақшылары жігітті ғимаратқа кіргізіп үлгерді», - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, жас жігіт қызымен ұрысып қалғандықтан осындай әрекетке барған. Сондай-ақ, оның мас болғаны анықталды.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 440-бабы 1-тармағына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес хаттама толтырылды.
 

Талқылау