"Күш-қуат жинап алдық": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуін қорғау үшін Америкаға аттанды
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-қа аттанды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібек пен оның менеджерінің ұшақта отырған суреті жарияланды.
"Ал, ағайын чемпиондық титулды қорғау үшін Америкаға ұшып барамыз! Ет жеп салмақ қосып, күш қуат жинап алдық! Бұйыртса көк ту желбіреген күнде жолығайық", – деп жазды ол.
Еске салайық, WBO чемпиондық белбеуді қорғау үшін Әлімханұлы мен Лиам Смит (33-3-1, 20 КО) арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

