Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күресуге тырысып жүрмін": Аша Матай ана болудың қаншалықты қиын екенін айтты

Аша Матай ана болудың қаншалықты қиын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында жазба қалдырып, ана болу бақытын сезіндірген қызына алғыс айтты. Ең алғаш Асылымды қолына алғанда қандай сезімде болғанын ашық жазған Аша Матай сол сәттерді есіне түсірген. Қуаныш пен қорқыныштың арасындағы түсініксіз сезімге бөленіп, болмашы ойлардың мазалағанын да жасырмады өнер иесі.

"Ана болу ерекше сезім ғой иә, қыздар? Алпыс екі тамырымды тулатып, ана болу қуанышын сыйлаған, кішкентай Асекамды қолыма алған кезім әлі есімде. Есте болғанмен, сөзбен айтып жеткізу қиын екен оны. Дегенменен тырысып көрейін. Жалпы балаңды қолыңа алғаш алғанда, бұрын сонды кездеспеген бір қатар сезімдермен танысады екенсін. "Баланың табанына кірген тікен ананың жүрегіне кіреді" деген сөзді бұрын жиі еститін едім. Мағынасын Асылымды алғаш көргенде түсіндім. Қуанышпен бірге белгісіз бір қорқыныш сезімі жүрекке ұялады. Өзің үшін емес, балапаныңның тағдыры үшін, болашағы үшін себепсіз бір алаңдау", - дейді Аша Матай.

Өзінің өмірін осылайша баласына сыйлып, жүрегінің жартысын бөліп бергенін айтты ол. Құдды біреу бұйырық бергендей, ішкі сезімім солай деп шешім қабылдады дейді әнші. Аша Матай ана болу әлемдегі ең ұлы сезім екенін мойындады. Сонымен қатар, өнер иесі баланың болашағына алаңдасаңыз, оны ешнәрседен қақпай, ашық әңгіме айта алатындай етіп өсіріңіз дейді.

"Ішімдегі бір бастықтан "Енді сен әр қадамыңды балаңның мүддесін ескеріп жасап, әр шешіміңді қабылдағанда өз бақытыңды емес, бүлдіршініңнің бақытын бірінші қатарға қоясың" деген бұйрық келгендей. Бұл сезімнің ерекшелігі, алғаш пайда болған сәттен бастап күн өткен сайын күшейеді. Тіпті балаңмен бірге өседі десем қателеспейтін шығармын. Дегенменен онымен қазір күресуге тырысып жүрмін. Қанша айтқанменен баланың өз тағдыры бар. Алланың жазған өз жолы күтіп тұр алда. Сол жолда өзі шешім қабылдап, тәуекелге барып үйренбегендер жиі сүрінетіні ақиқат. Оны үйрету үшін баланы көп түртпектемей, белгілі бір бостандық шеңберінде өсіру керек деп ойлаймын. Бірақ жасау, ойлағаннан гөрі әлде қайда қиын екен", - дейді Аша Матай.

Талқылау